Жаңалықтар | Новости

Тергеу қамауындағылар скрининтік тексерістен өтті

ЗК-169/1 тергеу изоляторының медицина бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен № 6 қалалық ауруханасының мамандарын қатыстыра отырып, мекеме қамауындағы 36 азамат скрининтік тексерістен өтті.

Бұл жолғы скрининтен артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер өтті. Аты аталған аурухананың алдын алу бөлімінің мейірбикесі А.Құлымбетова мен Ұ.Сейітжанованың айтуы бойынша бұл скрингтік тексеру арқылы, артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға болады. Арнайы мамандар,тексеру барысында алдымен, айыпталушы мен тергеудегілерге антропометриялық өлшеулер жүргізілді. Яғни, олардың (салмағы, бойы, белдің көлемі), өлшенді. Одан соң, глюкометр апаратымен қандағы қант мөлшері анықталды. Содан кейін барып, АҚҚ- ын танометрді пайдалана отырып, әр тексерілушіні орындыққа отырғызып, интервалы 1-2 минутта артериялық қысымдары екі мәрте өлшенді.

Анықталған көрсеткіштер бойынша, және денсаулығына шағым жасаған қамаудағылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

— Біздің мекемеде бірінші кезекте сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, аурудың алдын алу маңызды. Сондықтан мекеме қамауына келіп түскен әрбір азаматтың ауру-сырқатын алдын ала анықтау мақсатында, осындай скрингтік тексерістен өткізіп тұрамыз.

Тексеру кезінде анықталған созылмалы аурулары бар адамдар есепке алынады. Бұған қоса, олар динамикалық бақылауда болады. Ал жіті аурулар анықталса, науқастарға тексеру жүргізіледі. Толығымен емделіп шыққанша олардың денсаулығы қадағаланып, тиісті ем тағайындалады — дейді мекеме фельшері

Комментарий