Қоғам | Общество

Ертең бірқатар өңірде 40 градус ыстық болады

Ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.https://www.inform.kz/kz

Синоптиктердің болжауынша, 20 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Ертең Шымкент қаласында күндіз 40⁰С қатты ыстық сақталады. Сол күні Түркістан қаласында 42-44⁰С қатты ыстық сақталады. 20 шілдеде Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде 38 градус қатты ыстық, оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 18 м/с күтіледі.

 

Комментарий