Жаңалықтар | Новости

Түрікменстан президенті Ашхабадта Абай ескерткішін тұрғызуды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірді.

«Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы — барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық», — деді Қазақстан Президенті.

Комментарий