Жаңалықтар | Новости

«Спутник V» шығарушылары балаларға арналған екпе тіркелетінін жариялады

Жақында Ресейде коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркеледі деп күтіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург қазір мамандар дәріге фармакологиялық сараптама жүргізіп жатқанын айтты.

«Қазір сарапшылар жұмыс істеп жатыр: фармакологиялық сараптама жүргізілу үстінде. Жақында тіркеу туралы оң шешім шығады деп үміттенемін», — деп бөлісті маман.

Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Гамалея орталығынан жасөспірімдерге арналған «Гам-COVID-Vac-M» вакцинасын тіркеу үшін құжаттар пакетін алған болатын. Вакцинация мақұлданған жағдайда ол тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен салынады.

Комментарий