Жаңалықтар | Новости

Алматыда тағы екі көше ұзарады

Алматыда тағы екі қала көшесін ҮААЖ-ға дейін тесу басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Тілендиев көшесі мен Солтүстік жарты айналма жолды солтүстік бағытта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартадв. Ведомствоның мәліметінше, қазір Алматыны дамытудың Бас жоспарына түзету енгізіліп жатыр.

«Сондықтан аталған жолдарды тесу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімі 2022 жылға жоспарланып отыр. Тілендиев көшесін тоғыз шақырымға, ал солтүстік жарты шеңберді 1,2 шақырымға ұзарту жоспарда бар. Сондай-ақ, көлік жолайрығын салу ұсынылады», — деп хабарлады ведомоство өкілдері.

ҮААЖ және оған Алматы көшелерін тесу жоспары. ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің фотосуреті

Сондай-ақ, шенеуніктер ҮААЖ-ға алты радиалды жолды жөндеп салғысы келетіндерін айтты. Бұл Алматыдан және Алматы облысынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін шығатын жол болады.

«2013 жылы Рысқұлов даңғылындағы Саин көшесінен Оңғарсынова көшесіне дейінгі жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, сол жылы біз Саин көшесінің құрылысын Мөңке би көшесінен қала шекарасына дейін аяқтадық. Сонымен қатар, Ақын Сара көшесінің Абай көшесінен қала шекарасына дейінгі жолының құрылысы аяқталды.

Қазіргі уақытта Абай даңғылы Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін созылып жатыр. Сонымен қатар Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін созылып жатыр. Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылының Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы жобалану үстінде», — деп толықтырды басқармада.

Абай даңғылын Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін тесу. Қазан, 2021 жыл. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда Жұбанов көшесін қала шекарасына дейін тесуге кіріскені хабарланған болатын. Жергілікті билік әзірге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үстінде. Тек осы жұмыстар үшін мемлекеттік бюджеттен 144 миллион теңге бөлінді.

Комментарий