Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда тұңғыш рет MBA бағдарламасын VR форматында оқуға мүмкіндік туды

Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында орын тепкен КАЗГЮУ бизнес-мектебнің базасында жүзеге асатын МВА бағдарламаларының презентациясы өтті. Бұл білім ордасы 2009 жылдан бастап жұмыс істейді және сол уақыттан бүгінге дейін ірі компанияларда топ-менеджер қызметін атқаратын немесе жеке бизнестерін дамытып жүрген 400-ден астам азамат университет түлегі атанды.

Презентация барысында бизнес-мектеп Франция, АҚШ және Испания сынды алпауыт елдердің университеттерімен серіктестік туралы келісімшартқа қол қою процесінде екені белгілі болды. Осылайша, жақын арада MBA студенттерінің КАЗГЮУ қабырғасында оқып жүрген кезеңінде екінші диплом алуына мүмкіндік беретін мемлекет таңдау құқығы болады. Қазіргі таңда КАЗГЮУ-де екі дипломдық білім алу мүмкіндігі University of Business and International Studies-пен (Швейцария) бірге жүзеге асырылып жатыр.

 

Жалпы алғанда, бүгінде бизнес-мектеп МВА-дің екі негізгі бағдарламасын ұсынып отыр. Біріншісі – жас мамандар мен басшыларға сай келетін классикалық екі жылдық білім бағдарламасы. Ол 20 модульден тұрады. Оның 15 модульін шетелдік мамандар жүргізеді. Оған қоса, бағдарламада 1 шетелдік модуль бар. Яғни, студент университет серіктестік қарым-қатынас орнатқан бір елге бара алады.

Executive MBA деп аталатын екінші бағдарлама студенттер тарапынан сұранысқа көп ие болып, бестселлерге айналды. Бұл бір жылдық бағдарлама 18 модульден тұрады және бизнес иелері мен компаниялардың топ-менеджерлеріне бағытталған. Executive MBA ерекшелігі – мұнда жоғарыда аталған 4 елге баруға мүмкіндік беретін 3 шетелдік модуль бар. Ол халықаралық қарым-қатынасты қамту мен нетворкинг мүмкіндіктерін арттырады.

КАЗГЮУ бизнес-мектебінің директоры Алина Абдрахманова МВА бағдарламаларындағы білім беру аралас – онлайн және офлайн форматта жүріп жатқанын атап өтті. Алайда бүкіл әлемде жүріп жатан пандемияның әсерінен үлесі артқан қашықтан оқыту жоғары оқу орындарының алдына білім берудің жоғары сапалы жаңа шешімдерін іздеу қажеттігін міндеттеді.

Білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында КАЗГЮУ бизнес-мектебінің басшылары дәстүрлі білім беру процесіне барынша ұқсас форматты ойлап тапты. Қазақстан астанасында тұрмайтын немесе басқа себептерге байланысты сабақтарға қатыса алмайтын МВА мен DBA бағдарламаларының барлық студенттерін университет арнайы VR-шлемдермен қамтамасыз етеді. Оның көмегімен студент сабақ кезінде виртуалды түрде аудиторияда бола алады.

 

«Zoom платформасы онлайн білім беру үшін ыңғайлы, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, камера мен микрофонды өшіріп, басқа жұмыстармен шұғылдану оңай. Біздің мақсатымыз – адамның өзін сабақта отырғандай сезінуін қамтамасыз ету және сол арқылы оқытушылармен вербальді коммуникация орнату әсерін жасау. Осы идеяны жүзеге асыру мақсатында жұмыстың жүргізіліп жатқанына бір жылға жуық уақыт өтті. Бұл стартапты іске қосу үшін Сингапур инвестициялық қорынан қолдау таптық. Аталған инновациялық жоба ҚазГЗУ бизнес-мектебінің аясында іске асады», — деді Алина Абдрахманова.

 

Спикер баса назар аударған тағы бір маңызды мәселе – статистикаға сәйкес, бизнес-мектеп студенттерінің 80 %-ы дерлік – ер адамдар. Сондықтан, гендерлік теңдікті сақтау мақсатында университет басшылығы Executive MBA бағдарламасына оқуға түсуді жоспарлап жүрген әйел адамдарға 1 200 000 теңге көлемінде арнайы грант бөледі.

 

КАЗГЮУ бизнес-мектебінің барлық білім беру бағдарламалырының ерекшелігі – жұмыс істейтін адамға барынша ыңғайлы сабақ кестесі екенін атап өткен жөн.  Мектептің барлық материалдары белгілі бір модульден бір апта бұрын оқытуға ыңғайлы форматта беріледі: видео, аудио және мәтін. Аудиториядағы сабақтар дәрістер, дебаттар, әртүрлі кейстерді талдау, ойындар мен талқылаулар форматында жүреді.

«Біздің университетімізде мол тәжірибесі бар оқытушылар сабақ береді, оның ішінде әр елден келген халықаралық мамандар бар. Сондықтан да барлық модульдер бір-бірінен ерекшеленетін авторлық форматта жүреді, ол білім алушылардың қызығушылығын арттырыды және білім беру процесіндегі көптеген міндеттерді шешетін құрал болып саналады», — деп түйіндеді КАЗГЮУ бизнес-мектебінің даму жөніндегі директоры Ислям Садубеков.

 

Комментарий