Жаңалықтар | Новости

Ауғанстанның жарты халқына ашаршылық қаупі төніп тұр — БҰҰ

Ауғанстан халқының жартысынан көбі, 22,8 миллион адам қарашадан бастап азық-түлік тапшылығына тап болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) мен БҰҰ -ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы зерттеулерінде айтылған.

Азық-түлік қауіпсіздігінің жаңартылған біріктірілген классификациясына (IPC немесе ICF) сәйкес, Ауғанстанның әрбір екінші тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен наурызы аралығында қауіптің 3-ші және 4-ші (соңғыдан кейінгі) сатысында болуы мүмкін. Ұйымдар мұндай жағдайда қоректік заттардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және тіршілікті қамтамасыз ету үшін шұғыл гуманитарлық көмек қажет екенін айтты.

Баяндамада ауған халқы қыстағы аязда гуманитарлық көмекке тәуелді болғанда көмек көрсетілетіні айтылған.

Құрғақшылық, әскери қақтығыстар, COVID-19 пандемиясы мен экономикалық дағдарыстың жиынтығынан ауған халқының өмір сүруі қиындай түсті.

Қыркүйек пен қазан айындағы мәлімет бойынша, халықтың 18,8 миллионы азық-түлік тапшылығына тап болды. IPC классификациясы бойынша Ауғанстанда дағдарыс, төтенше және апатты фазалар кезеңі өтіп жатыр.

Халықаралық ұйымдар Ауғанстанға көмекті ұлғайтуды сұрап отыр. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына елдің 23 миллионға жуық халқына тұрақты көмек көрсету үшін айына 220 миллион доллар қажет екені айтылады. ФАО-ның шұғыл қажеттіліктері 11,4 миллион долларды құрайды, ал келесі жылы егіс маусымының басталуына тағы 200 миллион доллар қажет.

«Аязда елдің көп бөлігінде миллиондаған адам аштан қырылып қалмас үшін гуманитарлық көмекті тездету керек. Бұл өмір мен өлім мәселесі, — деді ФАО бас директоры Ку Донгю.

Комментарий