Құқық | Право

Қазақстандықтарға паспортқа балаларының суретін жабыстыруға бола ма? ІІМ түсіндірді

2018 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы заң жобасы шеңберінде шекарадан тыс жерге шыққан жағдайда балалардың суреттерін ата-аналарының паспортына жабыстыруды алып тастау бойынша заңнамаға түзету енгізілді. Осыған байланысты ІІМ азаматтардың паспортқа балаларының суретін жабыстыруға болатын-болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің көші-қон қызметі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Балаға жеке паспорт – көптеген елдің талабы, осыған байланысты министрлік БАҚ арқылы алдығы өзгерістер туралы халықты ақпараттандырды. Өйткені бұл заң жобасы қазіргі уақытқа дейін парламент қарауында жатыр. Бұған дейін көші-қон қызметі комитетімен БАҚ-ға түзетулер енгізу кезеңінде екені хабарланған», – дейді комитеттегілер.

Жеке паспорт көптеген елдің талабы екенін ескере отырып, балаларымен шекарадан тыс жерге шығуды жоспарлаған ата-аналарға басқа елдердің шекарасын кесіп өту үшін ертерек паспорт рәсімдеуді қамтамасыз ету ұсынылған болатын. Сонымен қатар азаматтар жүгінген кезде ата-аналардың паспорттарына балаларының фотосуреттерін желімдеу жүргізіліп жатқандығы және заңға түзету енгізу заң жобасына мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін ғана жүзеге астатындығы түсіндірілді.

Осындай түсіндірмелер ағымдағы жылдың басында ҰҚК-нің шекара қызметіне және сыртқы істер министрлігіне жолданды.

«ХҚКО-да халықты ата-аналардың паспорттарына балаларының фотосуреттерін желімдеу мәселесімен қабылдау тоқтатылған жоқ және сол қалыпта жүргізіліп жатыр.

Ата-анасының біреуінің паспортына балаларының фотосуреттерін желімдеу арқылы балаларды мемлекетке кіргізуге рұқсат беретін немесе тиым салатын елдер туралы, әдетте сыртқы істер министрлігі хабардар етеді. Сондықтан қандайда бір елге жол жүрер алдында ол елге кіру тәртібін дипломатиялық өкілдіктерден алдын-ала біліп алу ұсынылады», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ бүгінгі таңда ІІМ балаларға паспорт беру үшін, мемлекеттік бажды азайту мәселесін пысықтап жатыр.

Комментарий