Жаңалықтар | Новости

Режим қызметкерлері алғысқа ие болды

Елбасымыз Қазақстан — 2050 стратегиялық Жолдауында «халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр» деп атап көрсеткен болатын.

Осы орайда, жеке тұлғалармен бетпе- бет жұмыс жасап жүрген ЗК-169/1 тергеу изоляторы қызметкерлерінің, қызметтік міндетіне аса зор жауапкершілікпен қарайтындығын ерекше айтқымыз келеді. Өйткені олар, мекеме қамауындағыларға келген туыстарымен күнделікті тікелей жұмыс жасайды. Міне, сондай сәттерде, көпшілік тарапынан болатын әртүрлі сындарда ұстамдылық танытып, дұрыс психологиялық байланыс орнатып,өздерін жағымды жағынан көрсете білген Режим бөлімінің мамандары алғысқа ие болды.

Нақтырақ айтатын болсам, С есімді сотталғанның апасы, мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев пен бірқатар қызметкерлердің атына алғыс хат жазып, ризашылығын білдірді. Азаматша хатында, мекемеге келіп-кетіп жүрген екі айдан астам уақыттан бері, аты аталған қызметкерлердің міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, яғни, дұрыс жөн сілтеп, зор ілтипат пен әдептілік танытқандықтары үшін ризашылығын білдірген.

— Мен, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлы мен кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет майоры Қаратаев Мұсабек Мәденханұлына, РжКБ- ндегі тексеру тобының жедел уәкілі, әділет лейтенанты Ибраймов Ерлан Раматұлына және РжКБ-нің аға бақылаушысы, әділет старшинасы Жұмабеков Мақсат Ордабекұлына алғыс айтамын. Бұл тұлғалар, жұмыстарының қауырттығына қарамастан, қойылған сұрақтарыма назар аударып, ілтипат танытып, нақты, түсінікті етіп жауап берді. Погондағылардың қарапайымдылықтары мен адами қарым – қатынастарына разы болдым- деді, сотталғанның туысы.

Ия, шынында да, жеке құрам, жазасын өтеушілер мен айыпталушылар және тергеудегілерге келетін туыстары тарапынан әртүрлі белсенді мінез-құлық танытатын азаматтарға жиі ұшырасып отырады. Бірақ, сондай кикілжің жағдайларда, ұстамдылықпен сабырлы шешім қабылдап, келушілерге заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дұрыс жол көрсетіп келеді. Осылайша , жазаларды орындайтын мемлекеттік мекемедегі шен таққандар, парасат пайымының артықшылығымен көрініп,көпке үлгі болды. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында , қылмыскерлерді түзелу жолына қайта тәрбиелеп жүрген ҚАЖ қызметкерлерінің бұл қыры, олардың қоғамдағы имидждік сыйпатын арттыратыны анық.

Комментарий