Жаңалықтар | Новости

Қызылордада түзеу мекемесіндегі 70 сотталған құжаттандырылды

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі аралас ЗК-169/5 мекемесіндегі Арнайы есепке алу бөлімінде 7 қызметкер жұмыс жасайды.

Мекемеде  арнайы есепе алу бөлімінің жұмысы қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Бөлім қызметкерлері сотталғандардың сандық есебін жүргізіп, олардың түрлі мақсаттағы талап-өтініштерін заң аясында сотқа жолдап отырады. Сотталғандардың жеке істерін толықтай зерделеп, олардың жаза өтеу мерзімдері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жеңіл жаза түріне ауыстыру секілді формалді уақыттарын есептеу кезінде тиянақтылықты,  қырандай қырағы, сауысқандай сақ болуды талап етеді.

Арнайы есепке алу бөлімінің  бастығы әділет майоры Назерке Молдағалиқызының айтуынша  жыл басынан жеке басын куәландыратын құжаты жоқ және мерзімі өткен 70 сотталған  құжаттандырылған. Құжаттандыру мәселесімен арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлерімен  қалалық көші –қон полиция басқармасының қызметкерлері тығыз жұмыс жасауда.Қазіргі таңда мекемеге жазасын өтеуге келген 25 сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаттары дайындалу үстінде дейді бөлім бастығы.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий