Жаңалықтар | Новости

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің ұжымы сенбілікке шықты

Сенбілік -ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс деп есептейді мекеме қызметкерлері. 23.10.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің ұжымы сенбілікке шықты.

Мекеме қызметкерлері мекеменің ішкі, сыртқы аймағын тазарту жұмыстарын жүргізді. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде мекеме ауласы мұнтаздай тап-таза болып тазартылды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Бірі мекеме аумағын қоқыстардан тазартса, бірі әктеу жұмыстарына өз үлестерін қосты. Қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың парызы деп есептеймін», —деді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Дінмұхаммед Оспанов

Комментарий