Жаңалықтар | НовостиСпорт

Қазақстандық кикбоксшылар әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңді

Қазақстандық кикбоксшылар Италияда өткен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 және 24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 65 елден шамамен 1 600 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс. 10 қол медаль жеңді», — делінген хабарламада.

 

Ел атынан өнер көрсеткен Дінмұхамед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазреддин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшор чемпион атанды. Ал Азамат Өтемісов күміс медаль иеленді.

Комментарий