Жаңалықтар | Новости

ДДСҰ қандай жағдайда әлем пандемияны аяқтай алатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс адамзаттың коронавирустық пандемияны жеңуге барлық мүмкіндігі бар екенін айтты. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, адамзаттың коронавирусты жеңуге қажетті барлық құралы бар. Сонымен қатар, ол адамдар қолда бар құралдарды жақсы пайдалана алмағанын атап өтті.

«Пандемия әлем оны аяқтауды шешкен кезде аяқталады. Бұл біздің қолымызда», – деді ол.

ДДҰ-ның мақсаты 2021 жылдың соңына дейін әр ел кем дегенде 40%-ға вакцинациялануы қажет екенін айтты. Осы мақсатқа жеткен соң бұл елдер өзге мемлекеттерге вакцина дозасын бөлісу тиіс екенін де Тедрос Адханом Гебрейюс атап өтті.

Комментарий