Қоғам | Общество

Бурабайда Жекебатыр тауы өртеніп жатыр

Ақмола облысының Бурабай курортында Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ТЖД сілтеме жасап.https://www.inform.kz/kz

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 13.00-де Бурабай ауданындағы Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап (Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы) өртенгендігі туралы ақпарат түскен. «Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 60 адам мен 5 арнайы өрт сөндіру техникасы, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 40 қызметкері мен 2 техникасы, «Қазавиақұтқару» МИ- 26 тікұшағы жұмылдырылды», – деді ведомстводағылар. Бастапқы мәлімет бойынша, өрт қураған шөптен шыққан. Зардап шеккендер жоқ, Өрттің шығу себебі салдары анықталып жатыр.

 

Комментарий