Жаңалықтар | Новости

Ақтөбе облысында карантин жеңілдеді

Ақтөбе облысында карантин шектеулері жеңілдеді, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Енді қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болса демалыс күндері Ashyq қатысушылары түнгі сағат үшке дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары таңғы сағат беске дейін жұмыс істей алады.

Вакциналаудың екі компонентін алған спортшылар мен жаттықтырушылар оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады.

Ас бергенде адам саны 50-ден, ал мейрамханада той жасағанда 70-тен аспауы тиіс.

Комментарий