Әлемде | В мире

“Адамзат кейін осы әдіске көшеді”: 51 жастағы әйел өлген соң мәйітін көміп, үстіне ағаш егуді сұрады

“Мені экологиялық дұрыс жолмен көмгенін қалаймын. Ол қоршаған ортаға аз зиян келтіреді”, – дейді 51 жастағы Шанталь Кук.https://stan.kz/

Ұлыбритания тұрғыны көз жұмған соң өзінің денесін басқаша көмуді сұрады. Ол табиғатқа зиян келтірмеудің әдісін айтты.

Ол әдіс қандай: өлген адамды ақ матаға орап, орманға көмеді. Үстінен ағаш отырғызады. Егер бұл әдіс іске аспаса, мәйітін өртеуге келіскен.

Оның айтуынша, бұл өтініш туыстарын ешқандай да таңғалдырмаған. Кук адамдардың бір кездері мәйіттерден болатын зиянға көзі жетеді. Сондықтан өзі ұсынған әдіспен көме бастайды деген сенімде.

“Экологияға қанша зиян келетінін түсінгенде адамзат осындай көму әдісін таңдайды. Ең алғашқы болып діни көшбасшылар бастайды”, – дейді Кук.

Комментарий