Жаңалықтар | Новости

Аралға көмек беру азаматтық міндет

Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғаманан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар жұмыла көтерген жүк жеңіл қағидасымен күш біріктіріп. «Аралға көмек» бағытындағы шөп оруға қатысып өңірлес ағайындарға қол көмегін беруді ұйғарды.

Ағымдағы жылдың 16.07.2021 жылы Жалағаш ауданындағы «Бозтай би» атауындағы күріш алқаптарының  жағалауынан Арал ауданы, Аралқұм ауылына бір камаз толығымен мал азығы үшін   шөп тиеп жөнелтті.

Сонымен қатар, сотталған азаматтарға елдегі ахуалды түсіндіре отырып, мұсылман қауымының қасиетті мерекесі «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында мүмкіндіктеріне қарай жәрдемдесуге ниет білдіруде.

Есептегі сотталғандар атқарған жұмыстарын басқа да азаматтарға кеңінен айтып, алдағы уақытта игі істер атқару үшін бірлесуге шақырды.

 

Жалағаш аудандық

 пробация қызметінің

 аға инспекторы

 әділет майоры Е.Асқаров

Комментарий