Жаңалықтар | Новости

Дін- ұстай алсаң қасиетің!

Қызылорда облысы бойынша Дін істері Басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімінің меңгерушісі  Байқабылов Арыстанбек Әмірханұлы қатысуымен  Пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандардың және түзеу мекемерлерінен босатылған азаматтардың түзелу жолына түсуіне және  діни көзқарасын дұрыс қалыптастыру мақсатында  жиын өтті.

Қазіргі уақытта, сотталғандардың басым көпшілігі спирттік ішімдік ішудан бас тартып, дінге бет бұрыс жасап, намаз оқуға ниетті.

Осы орайда, ҚР Діни басқармасының бекітілген Қағидаларының талаптарына сәйкес ұстануы және наным-сенімі адасқан экстремистік көзқарасты насихаттаушы топтардың жетегіне ермеуі үшін түсіндірмелік жұмыс жүргізілді.

Бұдан бұрын, жыл басында сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларынан тексеру жұмыстарын жүргізу барысында теолог маман А.Байқабылов пробация қызметімен бірлесіп, түсіндірмелік жұмыстар жүргізілген болатын.

Оларға рухани азық ретінде, адамгершілік тұрғысында тереңнен жалпылама жалпақ тілмен түсіндіріп, қылмыс жасаудың алдын-алу бағытында жұмыстар жүргізілген.

Жалпы адамзат әлеміндегі қатыгездік пен бейбіт адамдар арасындағы алауыздық тудыратын қауіпті ағымдардың ұстанымдары мен өзіміздің дәстүрлі Абу-Ханифа мазхабының аражігін ажырата түсіндірілді.

Сотталғандардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға теолог маман  жан-жақты жауап берді.

 

Жалағаш аудандық

 пробация қызметінің

 аға инспекторы

әділет майоры Е.Аскаров

Комментарий