Жаңалықтар | Новости

Жұмысқа орналастыру

Солтүстік қазақстан облысы ҚАЖ Петропавл қаласы пробация қызметі және «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Петропавл қ. пробация қызметі бөлімімен бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған Д. үшін жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету бойынша жеке бағдарлама жасалды және халықты жұмыспен қамту орталығына жіберілді.

Ал Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл сотталған жұмысқа орналасып, «Альфа-Север» ЖШС-не әртүрлі жұмысшы ретінде жұмысқа орналасты.

СҚО бойынша ҚАЖД

Петропавл қ. ПҚБ

аға инспекторы

әділет капитаны

Б.А. Исмаилов

Комментарий