Жаңалықтар | Новости

«Қақпадағы кездесу» жобасы сотталғандардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасайды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №387 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробациялық есепте тұрған сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі 2017-2019 жылдарға стратегиялық іс-шараларды бекіту» бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде аталған Стратегияны орындау үшін СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің «ЕС-164/1 мекемесі» РММ «Қақпадағы кездесу» әлеуметтік бағдарламасын өткізу жалғасуда.

Осылайша, 2021 жылдың 15 қазанында сотталған О.Гриценкоға «Қақпада кездесу» шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс — шараға мекеме әкімшілігімен қатар түрлі құрылымдардың, атап айтсақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, СҚО ПД жергілікті полияция қызметі мен Петропавл қаласының пробация қызметінің өкілдері шақырылды. Жобаға қатысушылардың міндеті – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамтамасыз етуге және тұрмыстық жағдай жасауға септігін тигізу, сондай-ақ белгілі бір уақытқа оқшауланғаннан кейін азаматтың қалыпты қоғамда интеграциялануына ықпал ететін психологиялық көмек көрсету. Жұмысқа орналасудан және мінез-құлық ережелерінен басқа, медициналық құжаттау мәселелерінде кеңес береді.

Сотталған О.Гриценко мекемеде жазасын өтеу уақытында оң жағынан сипатталды. Мекемеде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысып, өзін жақсы жағынан көрсетті. Сотталғанның туыстары Оксананы шексіз қуанышпен қарсы алып, жаза өтеу уақытында танытқан ізгілігі мен түсініспеншілігі үшін мекеме қызметкерлеріне алғыс білдірді. Босату рәсімі жұмыс режимінде өтті және бостандыққа шыққан жас жігіт үлкен қуанышпен үйіне аттанды. Пробация қызметінің өкілі әділет капитаны М. Еслямбеков алдағы уақытта мұндай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы ескертті. Іс-шара аясында босатылған О.Гриценкоға бостандыққа шықаннан кейін жұмысқа орналастыру бойынша құқықтары мен міндеттемелері туралы және қажетті құжаттардың тізімі мен жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама табыс етілді.

«Қақпадағы кездесу» әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды дұрыс жолға бағыттауға көмектеседі.

Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бар, ол бас бостандығынан айырылған азаматтардың санын азайтуға мүмкіндік береді, әсіресе ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қатысты.

 

«ЕС-164/1 мекемесі» РММ

арнайы контингент арасындағы

тәрбие және әлеуметтік-психологиялық

жұмыс бөлімінің бастығы

әділет капитаны

М.Ә.Қабай

Комментарий