Жаңалықтар | Новости

Психологиялық көмек көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12. 2016 жылғы Пробация туралы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасында: «мына мәселелер бойынша әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету: медициналық көмек алу; орта білім алу; орта білім алу; кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру); жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; психологиялық демеуді қамтамасыз ету; 2. Осы көзделген шараларды пробацияны жүзеге асыратын субъектілер әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде іске асырады.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы – пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің пробация қызметінің есебінде тұратын адамның жеке басын кешенді зерделеу мен оның нақты өмірлік жағдайы негізінде тұжырымдалған, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жиынтығы – деп көрсетілген. Шал ақын ауданының емханасының психолог-маманы Ж.М. Амановамен бірге Ша лақын ауданының Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандардың тұрақты мекен-жайларына барыппсихологиялық көмек көрсетілді.

Олармен сұхбаттасудың мақсаты, қиын өмірлік жағдайға тап болған, сондай-ақ өз қолынан не келетінін жақсырақ білгісі келетіндерге, олардың сипаттамаларын құрметпен қабылдап, әлсіздікті жеке дамудың бастауы ретінде қабылдауға ниет білдірген сотталған азаматтарғапсихологиялық қолдау көрсету болды.

СҚО бойынша ҚАЖД

Шал ақын аудандық пробация бөлімшесінің

аға инспекторы

әділет капитаны

АСХАТ Қайыржанов

Комментарий