Жаңалықтар | Новости

«Тәуелсіздіктің-30 жылдығы» аясында «Туған жердің перзенттері» кітап көрмесі өтті

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Орал қалалық пробация қызметі және кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен №6 кітапхана филиалында «Тәуелсіздіктің-30 жылдығы»  аясында өлкеміздің ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау мақсатында  «Туған жердің перзенттері» кітап көрмесі  өтті.

Шараға: «Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған «қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар» және пробация қызметінің инспекторлары қатысты.

Шараның мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған «қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар» тарапынан жасалынатын қылмыстық және өзге де құқықбұзушылықтар жасауының алдын-алу үшін олардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған қоғамдық әсер ету болып табылады.

Шара барысында кітапхана меңгерушісі Ильясова И.Т кітапхананы таныстыра отырып, сөз кезегін  Орал қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Талғат Серікқалиұлына берді. Шара барысында кітапханашы Жолтаева Б.І., Байжанова А.Х  кітап көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар №2 Ж. Молдағалиев атындағы ЖОББ мектебінің 5в сынып оқушысы Назерке Алесова «Байтақ Қазақстаным» атты өлеңін оқып берді.

Кеш соңында аталмыш мекеме жүйесіне қайтарымсыз кітаптар табысталды.

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Орал қалалық пробация қызметінің

аға инспекторы әділет аға лейтенанты С.Д.Джумагазиев

 

Комментарий