Жаңалықтар | Новости

Вирусолог COVID-19 пандемиясының ең ауыр салдары туралы айтты

Биология ғылымдарының докторы, вирусолог Анча Баранова COVID-19 пандемиясының ең ауыр салдары туралы айтты, — деп хабарлайды Lenta.ru.

«Эволюция тұрғысынан ең ауыр салдары — адамдар селекциясы. Ең сезімтал генотиптер аз көбейеді», — дейді маман.

Дәрігердің сөзінше, екпе салдырмаған, жылына екі рет коронавируспен ауырған әйел екпе салдырыпғ вирусқа төзімді келетін әйелге қарағанда бала аз туады.

Баранованың сөзінше, мұндай жағдайлар бұрындары да болған.

«Мысалы еуропалықтардың көбінде лямбда интерферондарының бірін шығаратын гендер жоқ. Ал африкалықтарда бар. Сондай белсенді интерфероны болған адамдар цитокин дауылына тап болып, қайтыс болатын. Ал ондай ген жоқ адамдар аурудан айыға білді. Бірнеше ұрпақ ішінде гендердің жиілігі өзгерді, интерферонсыз популяцияда жиі пайда бола бастады», — дейді вирусолог.

Комментарий