Жаңалықтар | Новости

Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалады?

2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды.

2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар: 

қаңтарда — Жаңа жылда 4 күн;

наурызда — Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн;

мамырда — Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн;

желтоқсанда — Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады.

7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша, діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.

Комментарий