Қоғам | Общество

“Ұзату болады”: Қазақша көйлек киген Луина жұртты таңқалдырды

Белгілі әнші желідегі парақшасында қазақша көйлек пен сәукеле киген суретін жүктеген. Желідегі жұрт өнер иесін ұзату тойға дайындалып жатыр деп болжаған. Жұрттың бірі өнер иесіне бақыт тілеп, барған жеріңе тастай батып, судай сің деп тілек айтса, енді бірі ұлттық киімді қорладың деп сөкті. https://stan.kz/

“Ұзату болатын шығар. Бақытты болыңыз. Жұбыңыз жазылмасын”, “Керемет! Ұзатылайын деп жатырсың ба деп сұрасам, жауап бермейсіз”, “Иә, Луина Ақтаудың қазағы. Қазақтың әрбір қызы қазақша көйлек киуге құқылы”, “Ерекше әрі әдемі болып тұр”, – деп жазды желідегілер.

Алайда, Луинаның ашық киініп, төсін жалаңаштап жүргенін көріп үйреніп қалғандар қазақтың киімін қорлама деп бұйырған.

“Сен сияқтылар онсыз да көп. Енді сен жетпей тұр едің”, “Тыр жалаңаш жүріп үйренгендер, қазақтың көйлегін кимей-ақ қойыңдаршы”, “Жалаңаш жүргенің жарасады”, “Ұят-ай”, “Ішіңізді жасадыңыз, той суретіне түстіңіз, енді қазақша көйлек. Жігітіңізге үйлену туралы жеткізгеннен шаршамадыңыз ба”, – деп жазды желідегілер.

Комментарий