Жаңалықтар | Новости

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы сотталғандармен кездесті

ЗК-169/1 мемлекеттік мекемесіндегі дінге сенетін сотталғандар арасында діни экстремизм және терроризм идеологияларына және деструктивті діни ағымдардың тартылуына жол бермеу мақсатында жүйелі ақпараттық — түсіндіру және профилактикалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрады.

Соның нақты бір дәлелі ретінде, дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыстарын айтуға болады.

Осы орайда мекемеге (РАТТ) мамандары Ерлан Мамаев пен Қ.Кеңесбеков келді. Арнайы топ өкілдері, сотталғандарға дәстүрлі діни ұстанымды және экстремистік, террористік идеялардың қоғамға қаупін түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізді. Білікті мамандар, әр сотталғанды жеке-жеке қабылдап, олардың дінге деген көзқарасы мен діни сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында, еркін әңгіме өрбітті. Әңгімелесу тақырыбы, дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде болды.

Нәтижесінде, жазасын өтеушілер аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.

— Арнайы орталық өкілімен әңгімелесу барысында діни сауаттылығым артты. Мамандар маған діни ағымдардың басты ерекшеліктері туралы ашып түсіндірді. Сауатты баяндалғандықтан, қызыға тыңдадым. Бұл кездесуден соң, санамдағы тұманды ойлар сейілдім -деді, С.есімді сотталған .

Комментарий