Жаңалықтар | Новости

Алатау аудандық пробация есебінде тұратын сотталған жастарға «Әдебиет және заман» атты іс-шара өткізілді

Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметі Қазақстан жастары қоғамдық қорының және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатымен бірлесіп пробация есебінде тұрған сотталғандар арасында «Әдебиет және заман» атты тақырыбында Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының коворкинг орталығында офлайн түрде іс-шара өткізді.

Қазақ әдебиетіндегі құнды туындыларды насихаттау, жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру, іс-шараға қатысушыларды  кітап және көркем әдебиет оқуға баулу, сонымен қатар жастардың дүние танымы мен ойлау қабілетін арттыру – шараның басты мақсаттарына айналды.

Шараны ұйымдастырушылар әдебиет сүйер қауымды арнайы даярлаған ән-шашуымен де тәнті етті. Әдебиет әлемінде өз орны бар деген мықты тұлғалармен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, шараға қатысушы  азаматтарымызға рухани құндылықтың қажеттілігі, ел тарихына тікелей әсері айтылды.

Комментарий