Жаңалықтар | Новости

Қызылордада түзеу мекемесінің кітапханасына кітап тарту етілді

Кітап – адам жанының рухани азығы, адамгершіліктің  қайнар  көзі,  өмір  айнасы, тарих  шежіресі, өнер-білім  бұлағы.

Бүгін Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. Әдеби кітаптарды Шиелі аудандық орта білім беретін кешкі мектеп кітапханасы тарту етті.

«Мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде сотталған азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Мекемеде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана қорында 1500-ге жуық  кітап бар. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады. Оның ішінде қазақтың ұлы ақын жазушыларының , орыстың классик жазушыларының роман- повестері  мен Елбасының да  кітаптары  бар. Кітап оқитын сотталғандардың саны өскен Кітап оқу ой-өрісіңді дамытып, болашаққа деген сенім пайда болып,  өзінді тануға көмектеседі. Кітапхана қорын кітаппен  толықтыру, жаңалау мекеме әкімшілігінің үнемі назарында»,- дейді Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімінің бастығы әділет майоры Уайдаев Абдолла Нағашбекұлы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий