Жаңалықтар | Новости

Иммунолог жерге түскен жапырақтардың қаупі туралы ескертті

Жерге түскен жапырақтар кейбір адамдарда аллергия немесе жұқпалы аурулар тудыруы мүмкін. Бұл туралы иммунолог-аллерголог Владимир Болибок айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, жердегі жапырақтар кейбір адамдарда жұқпалы ауру немесе аллергия тудыруы мүмкін. Маман бұл зең аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті екенін айтты.

«Зең споралары — табиғи аллерген. Олар жерге түскен жапырақтарда болады. Бұл жапырақтарды жаңбыр сулайды, кейін ол шіри бастайды, содан кейін күн шыққанда, жапырақтарда зең пайда болады. Осыдан кейін ол ауаға көтеріледі, ал бұл кейбір адамдарға әсер етеді. Белгілі бір бөтен заттарға жауап беруге адам генетикалық жағынан бейім, яғни адам генетикалық түрде бағдарламаланған», – деді Владимир Болибок басылымға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, зең споралары аллергиямен ауыратындар үшін ғана қауіпті емес, споралар ағзаға енсе, жұқпалы процестер дамуы мүмкін.

«Егер адам осы зеңмен тыныс алса, онда ол өкпенің, тыныс жолдарында зеңдік инфекциясы басталады. Бұл әдетте жөтел, бронхит және т.б.», – деп қорытындылады иммунолог-аллерголог.

Комментарий