Аймақтар | РегионыЖаңалықтар | Новости

TEDх ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастарға қызмет көрсету орталығының алаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлнар Тойлыбаева және Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықовтың қатысуымен жас мемлекеттік қызметшілермен TEDx форматында кездесу өткізілді. Шараға Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров модераторлық етті.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің мемлекеттік қызметшілері мысалында адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.

Ерзия Ерсұңқар

Комментарий