Қоғам | Общество

Павлодарда туған әкесі 6 жасар қызының 200 мың теңгелік алқасын ұрлап кеткен

Павлодарда ер адам туған қызының алтын алқасын ұрлап алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

40 жастағы ер адам туған қызын көруге келіген. Артынша ол 6 жасар қызының алтын алқасын ұрлап, қашып кетіпті. Белгілі болғандай, алқаның құны 200 мың теңге болады екен.

Полиция мәліметінше, 1983 жылғы тағы бір павлодарлық азамат дүкенде 9 жасар қыздың 2 мың теңге ақшасын ұрлап алып, артынша ізін суытқан.

Полиция аталған екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктілерді тұтқындау шаралары жүргізілуде.

Комментарий