Жаңалықтар | Новости

Теология — маңызды іс

Дін – кез келген жеке адам, қоғам,ұлт өміріндегі ең маңызды фактор. Дін, сенім болмаса, үлгілі мәдениет құру да мүмкін емес. Тарихта дінге немқұрайды қараған мемлекеттер қанша алып болса да, ұзақ салтанат құра алмаған. Мың жылдан астам уақыттан бері ата-бабаларымыз осы ислам дінін ұстанып , жоғары бағалап келеді. Казіргі кезде кейбір адамдар дінді қазіргі заман мен қоғам талаптарына сай жете түсіне алмауынан діни экстремизм мен терроризм туындап отырғаны жасырын емес.

Сонымен қатар, қазақ халқынын ғасырлар бойы мұсылманшылық негіздерімен үйлесе қабысқан салт-дәстүр, ұлттық дүниетаным негіздерін үзілді-кесілді жоққа шығару үдеірісі де ел ішінде көптеген түсініспеушіліктердің тууына жол ашып отыр. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін дін бостандығы заңын пайдаланып, әр тараптан неше түрлі ағым-секталар, ағылды. Ерте заманнан бері ұстанып келген Әбу Ханифа мазһабы, жалпы мазһаб ұстану деген ұғым қате болып шықты. Нәтижесінде мәзһаб ұстануды қойды, құран мен суннетпен жүреміз деп, сол Құран сүннеттен алыстады.

Тәуелсіз бейбіт мемлекетіміздін тыныштығына қауіп келтіре бастады. Казақстан Республикасынын Қылмыстык Кодексінің 174,255,256,257 бабтарын (Әлеуметтік, ұлттық,рулық, нәсілдік,тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру,Терррориз актісі, Терроризді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру,Террористік топ құру) бұза бастады. Сондай мемлекетіміздін тыныштығына қоғамға қауіп келтіргендерді сотпен кінәлі деп тауып ҚАЖК мекемелеріне қамала басталды. Мемлекет біріңші басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген 2019-2023 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарының бірі ҚАЖК мекемелерінде сотталғандар арасында діни экстемизмнің алдын алу шараларын күшейту мақсатында теологиялық-сауықтыру жұмыстарымен айналысатын және ұйымдастыратын штаттық бірліктердің еңгізілуі уакыт талабына сай қабылданған шешім болды деп айтуға болады.

СҚО бойынша КАЖ департаментіне қарасты ЕС-164/1 мекемесінде экстремизм мен терроризм бойынша жазасын өтеп жатқандар бар. Олармен келісілген жоспарға бойынша радикаландыру мақсатында жергілікті мешіт имамдары келіп өздерінің уағыз насихаттарын айтып дің істер басқармасы теологтары келіп діни, патриотизмдік мазмұнда түрлі бейнероликтер көрсетіліп түсіндермелі жұмыстарын жүргізеді. Бір сотталғанды радикалды діни көз қарасын түзеу үшін қажырлы қайрат енбек керек. Бірінші онын ішкі жан дүниесін көз қарасын ой пікірін анықтау керек, бұл жерде психолог мамандардын жұмысы керек. Екіншіден онын діни сауаттылығын тексеру манызды жәнеде қаншалықты уланғанын білу керек. Осы ақпараттар алынғаннан кейін бірақ әр адамға радикаландыру жоспары құрылады.

Қазіргі кезде теологиялық-оңалту жұмыстары өз жемісін аздап болсада беріп келеді. Алдағы уақытта теологиялық-оңалту жұмыстары өз қарқынын алып жақсы көрсеткіштерге жетеді деген ойдамын.

 

«ЕС-164/1 мекемесі» РММ

аға инспектор теолог

әділет капитаны Муканов Нурлан Сайлауови

Комментарий