Жаңалықтар | Новости

Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G сынақтан өтіп жатыр

Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тесттен өткізіп жатыр. Бұл туралы цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Instagram желісіндегі парақшасында алғашқы сынақтар жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын хабарлады.

«Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз», — деді Мусин.

Комментарий