Жаңалықтар | Новости

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды

Ерлан Әукенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5-қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Брэдфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «XXI ғасыр көшбасшысы» жастар орталығы» ӨҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып бастаған.

Әр жылдары жеке компаниялар мен қоғамдық бірлестіктерде, мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2014-2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2015-2019 жылдары — Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Комментарий