Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда биыл жаңа жылдық кештерге рұқсат беріле ме: Цой жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл жаңа жылдық корпоративтік кештер ұйымдастыруға рұқсат етіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі кейбір аймақтарда уақытша шектеу шаралары бар. Біз кейбір ұжымдарға “жасыл” мәртебесі бар адамдармен қорғаныс ережелерін сақтай отырып іс-шаралар өткізуге рұқсат беруді және мекемелерді біртіндеп ашуды бастап жатырмыз”, – деді Цой.

Сондай-ақ ол денсаулық сақтау министрлігінің міндеті – әлеуметтік байланысты арттырып, экономиканы да қалыпты жағдайға қайта келтіру екенін айтты. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға қатысты да түсіндірді.

«Иә, әрине, теориялық тұрғыдан жаңа жылдық корпоративтік кештерге рұқсат етілген. Қазір 50 адамға дейін іс-шара өткізуге рұқсат бар. Яғни қазір де шаралар өткізуге болады», – деп қорытындылады Алексей Цой.

Комментарий