Судья мінбері | Судебная система

Басқарма прокуроры құқық бұзушылықтар туралы басқосу өткізді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде облыс бойынша 2-басқарма прокуроры Бауыржан Бектенұлы жеке құрамның тәртіптік жағдайы мен заңдылықты сақтау туралы, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Мекемеде жеке құрамының қызметтік шеберлігін жетілдіру, сонымен қатар құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-әрекеттің тиімділігін, әскери және қызметтік дайындықты арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сотталғандармен қылмыстар, құқық бұзушылықтар мен төтенше оқиғалардың алын алу мен оларды болдырмау үшін тиісіт тексеру жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда. Сонымен қатар, жеке құрамынң жұмысы бақылауға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу мақсатында қызметкерлер арасында күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Жеке құраммен, сондай-ақ апта сайын қарауылдық әскери қызметіне кіріскен жауынгерлермен бірігіп, сотталғандар және олардың туыстарымен заңсыз байланыстарды болдырмауды, өз орындарында сақ және адал қызмет атқару туралы тәрбиелік алдын алу жұмыстары жасалып тұрады. Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындауын қамтамасыз ету және қызметтік тәртіп ережелерін қатаң сақталу бақылауға алынған. Мекеменің әр бір қызметкерін ҚР әкімшілік, қылмыстық атқару заңдылықтары талаптарымен қол қою арқылы қызметтік қылмыстар және сыбайлас жемқорлық жағдайларымен таныстырылған. Апталық аппараттық жиналыстарда мекеме басшылары әр дайым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы баяндамалар айтып, жеке құрам назарына жеткізеді.

А.А.Абдыбаева, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД

ЖД-158/2 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің бастығы

әділет капитаны

Комментарий