Құқық | Право

Елорда күнін жылдағыдан ерекше атап өтті

Нұр-Cұлтан күні мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің спорт алаңы тазартылып, спорттық ойындарға дайындау жұмысы ұйымдастырылды. Содан соң сотталғандар сапқа тұрғызылып, салтанатты жиналыс өткізілді. Мемлекеттік Әнұран айтылды. Мекеме бастығы әділет майоры Е.Ү.Нұрбаев ұйымдастырылатын жалпы мәдени және спорттық іс-шаралармен таныстырды.

Мереке күндері жасақтар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді, жарыс нәтижесінде бірінші орынды №2 жасақ иеленсе, екінші орынды №5 жасақ иеленді, үшінші орынды №7 жасақ иеленді. Жарысқа белсенді қатысқан сотталғандар марапатталуға ұсынылды.

Осы күні сотталғандар арасында 100 метрге жылдамдыққа жүгіруден, турнике тартылудан, кіртасын көтеруден, арқан тартудан, қол күрестен жарыс өткізілді. Сонымен қатар мекеме клубында сотталғандар көркем фильмдер тамашалады.

Т.Н. Сәрсенбеков, Сотталғандар арасында тәрбие

әлеуметтік психологиялық жұмысын

ұйымдастыру бөлімінің бастығының м.а.

әділет аға лейтенанты

Комментарий