Жаңалықтар | Новости

YouTube вакцинаның кез келген түріне қатысты жалған ақпарат таратқандарды бұғаттайды

YouTube видеохостингінде коронавирусқа қарсы мақұлданған вакцинаның кез келген түріне байланысты жалған ақпарат таратуға тыйым салынды, — деп хабарлайды Deustche Welle.

Басылым мәліметінше, вакцина — қауіпті, аутизм, қатерлі ісік, бедеулік немесе денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін деген ақпарат таратуға тыйым салынды. Енді, видеохостинг саясаты бойынша, COVID-19 вакцинасына қарсы шығатындардың арнасы бұғатталады.

Жаңа ереже тек коронавирусқа қарсы вакцина емес, екпенің барлық түріне қатысты.

Одан бөлек, YouTube бас директоры Сьюзан Войчицкидің сөзінше, бұған дейін коронавирусқа қатысты жалған ақпарат тараған 1 миллон видео өшірілген.

YouTube өкілдері вакцинаға қатысты жалған ақпарат жергілікті органдар мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының келісіміне қайшы келетінін атап өтті. Осылайша сервис пандемияға байланысты жалған ақпарат пен теорияларға қарсы күреспек.

Комментарий