Құқық | Право

Сотталғандардың діни сауатын арттыру жүйелі жүргізілуде

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінің теологиялық оңалту бөлімінде 2 маман жұмыс істейді. Ал мекемедегі ислам және християн дінін ұстанушылардың тізімі қайта қарастырылып, 60 сотталған азаматтың ислам дінін ұстанатындығы, 6 сотталған азаматтың христиан дінін ұстанатындығы анықталды. Діни экстремизм мен терроризм бағытындағы қылмыстары үшін жазасын өтейтін сотталғандардың саны – 26.

Мекемеге ҰҚК-нің қызметкерлері мен теолог мамандары жиі-жиі қатынап заң құзіреті шегінде өз қызметтерін атқаруда. Мекеменің кітапханасында 521діни кітап бар. Оларды сотталғандар тек кесте бойынша барып оқуда. «Тектұрмас» мешітінің бас имамы Кенжемолдаев Алмас, «Абдіқадір» мешітінің бас имамы Ахметов Айнабаек, «Иса Ахмет» мешітінің бас имамы Қожаев Даурен және «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Бақытұлы Нұралы ЖД-158/2 мекемесінде өз жұмыстарын теолог қызметкерлердің қатысуымен жүргізіп жатыр. Сотталғандармен кездесу сұхбаттары арнайы аудиторияларда жекеше және топпен жүргізілуде және сұхбат қорытындылары бойынша анықтамалар жазылуда.

Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасы мен ҚАЖ департаментінің қызметкерлерінің ұйымдастыруменен дәстүрлі емес діни ағымдар туралы видео сюжеттер жазасын өтеушілерге көрсетіліп тұрады. Мекеменің режим және жедел бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен діни сараптамадан өтпеген ақпараттық материалдар мен құралдардың сотталған азаматтардың қолданысында болмауы жөнінде нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылуда. ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар оның ішінде ислам дінін ұстанушылардың барлығында орта білімді азаматтар.

Қазіргі таңда ЖД-158/2 мекемесінде орналасқан КЛ-15 кәсіптік коледжінде 8 сотталған азамат әртүрлі мамандықтар бойынша білім алуда. 7 сотталған мекеменің өндірістік аумағында жұмыспен қамтамасыз етілген.

Т.К.Жумажанов, ЖД-158/2 мекемесінің теологиялық-оңалту тобының аға инспекторы әділет капитаны

Комментарий