Жаңалықтар | Новости

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28, 29 және 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жаууына вқпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.

«Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-10 жылыдан 6 аяз–5 жылыға дейін, күндіз 0-13 жылы, солтүстікте түнде 3 градус аяз — 6 градус жылы, күндіз 5-11 жылыдан 2-8 градус аралығында, орталықта 3-11 жылудан 3 аяз — 8 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 7-18 гардустан 2-10 градусқа дейін жылы болады деп болжанады, шығыста түнде 3 градус аяз — 10 градус жылы, күндіз 10-20 жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 градустан, күндіз 12-27 градусқа дейін», — делінген хабарламада.

Комментарий