Жаңалықтар | Новости

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу жағдайларын бұзудың салдары

СҚО Есіл аудандық соты бейнеконференцбайланыс арқылы сотталған З.- ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысын қарады.

Мәселен, СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеуге сотталған жазасын өтеудің тәртібі мен шарттары туралы хабардар бола отырып, тіркеуге келмеген, тексеру барысында тұрғылықты жері бойынша бірнеше рет болмаған. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осы Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сотталған З-ға 3 ай бойы спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салу түрінде ерекше талаптар белгіленді, бірақ бұған қарамастан сотталушы З. осы талаптарды бұзған ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігі бойынша сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған. Оның атына ескерту жасалды және профилактикалық әңгіме жүргізілді, бірақ сотталған онымен жүргізіліп жатқан жұмысқа мән бермеді, бұл пробация қызметін сотталған адамның жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге итермеледі.

Сот отырысында сотталған З. жазаны өтеу тәртібін бұзу фактілерін толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, тараптардың пікірлерін тыңдап, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Қазіргі уақытта қаулы заңды күшіне енді, сотталған З.бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

Саят Шаим,

пробация қызметінің инспекторы

Есіл ауданының СҚО бойынша ҚАЖД

Комментарий