Жаңалықтар | Новости

Ең жақсылардың бірі…

2021 жылғы 15-18 қыркүйек аралығында Щучинск қаласындағы «СБ Жақсы-2» спорт залында құқық қорғау органдары мен ҚР арнайы күш құрылымдары қызметкерлері арасында самбодан ҚР ІІМ чемпионаты өткізілді, онда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің құрама командасы белсенді қатысты.

Самбо техникасын меңгеру бойынша жарысының 3-ші орнының жүлдегері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті ЕС-164/6 мекемесі бақылаушылар қызметі бөлімінің күзет

бойынша бақылаушысы әділет сержанты Өмірзақ Мұратүлы Қайырбеқ болды.

Ө. М. Қаирбеқ Петропавл қаласы балалар спорттық мектебін бітірген соң 2010 жылы Семей қаласында «дзюдо» бойынша және 2013 жылы Түркестан қаласында «қазақша күрес» бойынша жарыстарына қатысушы болған, 2013, 2014 жылдары облыстық «қазақша күрес» бойынша жарыстарының бірінші орындарына ие болды.

Ө.М.Қайырбек 2017 жылдан бастап қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет етеді, «қазақша күрес» бойынша 1 спорттық разрядқа ие, өз әріптестері арасында іріктеуден өтіп, Ішкі істер органдарының республикалық деңгейдегі жарыстарына алғаш рет қатысқан болатын. Осы жарыста ол ҚР Ішкі істер органдарының басқа командаларынан лайықты қарсыластар арасында 3 орын үшін күресте сенімді жеңіске жетті.

ЕС-164/6 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы

әділет майоры А.Е. Абельманова

Комментарий