Жаңалықтар | Новости

«ӘКЕ ЖОЛЫ — ІЗГІ ЖОЛ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Бала тәрбиесінде әкелердің орыны айырықша екені даусыз . Өткенге көз жүгіртсек ауыл баласының талай тентегіне “тәйт” деп — ақ қабағымен ығыстырып, мысымен басар асқар тау әкелер жайлы ауыздан — ауызға тараған ғибратты өсиет көп. Бүгінгі қоғам өркениетке қадам басқан сайын бала болашағына қамқор әкенің орыны жайлы талай мінберден айтылып та келеді. Қазақта “Әке көрген оқ жонар” деген дана сөз бар. Ұлт келешегі үшін жасалған ілкімді істің көбі тек ортаға ғана тиесілі дүние емес. Ата — ана бірге тізе

біріктірген жерде нәтиже бар. Осыған орай дәстүрлі түрде өтетін “ӘКЕ ЖОЛЫ — ІЗГІ ЖОЛ “ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР АПТАЛЫҒЫ басталғанын хабарлаймыз. Бұл ауқымды шара тал бесіктен бастап үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақтың тәрбие — тәліміне әкелердің қосар үлесін тағы бір нығайтуды мақсат тұтады. Сондай — ақ, іс — шараға белгілі білім саласының мамандары , отбасы эксперттері және басқа да айтары бар қоғам қайраткерлері қатысып, ой бөліспек . Апталық онлайн және офлайн форматта өтеді.

Өтетін уақыты: 27.09.2021ж. — 01.10.2021ж.

Ұйымдастырушылар: — «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі; — «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі; — “БІЛІМ-

ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қоры; — Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесі; — «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы.

Өтетін форматы: Тыңдаушыларға Онлайн. Youtube платформасы, «Senimen bolashaq» аккаунты.

Өткізілу тәртібі: — 1 күн — 27.09.2021ж., 15:00-17:00, Нұр-Сұлтан қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9, “Достық үйі” — Ашылу салтанаты (қатысушылар офлайн, тыңдаушылар онлайн форматта)

Ашылу салтанатына қатысушылар: — Шолпан Каринова, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрі; — Шахмардан Байманов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы; — Назипа Шанаи, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық

Аналар кеңесі төрайымы; — Дархан Өте, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры президенті; — Тимур Нуркешов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры; — Қуаныш Молдабек, Нұр-Сұлтан қ. әкімінің кеңесшісі; — Баян Ахатай, «Қарашаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі жетекшісі; — Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы; — Ғалымбек Бермағанбетов, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

  • 2 күн — 28.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.) — Тренингтер
  • 3 күн — 29.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.) — Үлгі әкелер кеңесі презентациялары
  • 4 күн — 30.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, zoom). — Әкелер арасында интеллектуалдық сайыстар
  •  5 күн — 01.10.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы. — Жабылу салтанаты. (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.)

Барша БАҚ өкілдерін аталмыш шараға қатысып және ақпараттық қолдау көрсетулерін өтінеміз.

Байланыс телефоны: +77079514748 Нуртазина Еркежан Нуржановна

Комментарий