Жаңалықтар | Новости

Қоғамның игілігі үшін пайдалы жұмыс

Осы жылдың басынан СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қалалық пробация қызметінің есебінде 11 сотталған қоғамдық жұмыстар түрінде жазасы тагайындалды. Оның ішінде 8 сотталған жазасын өтеп тіркеуден шығарылды. Қазіргі уакытта 3 сотталған жазасын өтеуде. Петропавл қалалық сотымен ҚР ҚК 378 б. 1 б., 380 б. 1 б. бойынша 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға сотталған «М», қазіргі уақытта «Коммунхоз» ЖШС қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейді.

Петропавл қаласының көшелерін тазартуға және үй алдынғы аймақты тазарту бойынша баға жетпес қоғамдық пайдалы жұмыстармен айналысады, бұл осы күз мезгілінде өте маңызды. «Коммунхоз» ЖШС әкімшілігі оң жағынан сипаттайды, оған шағымдар мен талаптар жоқ.

Қоғамдық жұмыстар дегеніміз – адамның өзінің қоғамдағы және мемлекет алдындағы кінәсін жуып шаю өзінің негізгі жұмысынан айырмай, өзінің жұмысымен өтеу мүмкіндігі бар жаза

 

Петропавл қалалық ПҚБ инспекторы

әділет капитаны Тасбулатов Ельнар

Комментарий