Жаңалықтар | Новости

Пробация қызметімен сотталғанға өз кәсібін ашуға грант алу бойынша көмек көрсетілді

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев аудандық пробация қызметі бөлімінде сотталған М. есеп бойынша тіркелген, оған байланысты пробация қызметкерімен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқу курсын өтуге көмек көрсетуге жеке бағдарлама жолданды, оқу курсын 2021 жылдың 23 маусымында аяқтады.

Оқу курсы аяқталғаннан соң аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына сотталған М. қарасты өзінің жеке кәсібін ашуға грант алуға көмек көрсету үшін жеке бағдарлама жолданды.

Бүгінгі күнде оған 200 АЕК (583400 тенге) мөлшерінде кішігірім наубайхана ашуға грант бөлінді.

Сотталған М. жазасын өтеу кезінде тәртіп пен шарттарды бұзбай, өзінің жасаған қылмысына өкініп, түзу жолға тұрды.

 

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев ауданының ПҚБ инспекторы әдiлет капитаны М.Исин

Комментарий