Жаңалықтар | Новости

Бос орындар жәрмеңкесі

Пробация қызметінің басты басымдығы- сотталғанға қылмыс жасамай, заң шеңберінде өмір сүруге лайық екенін көрсету. Осыған орай сотталғандарға көрсетілген көмектің бірі- әлеуметтік және құқықтық көмек. СҚО бойынша ҚАЖД Ақжар ауданының Пробация қызметі қызметкерлерімен бірлесе отыра Жұмыспен Қамту Орталығы мен бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос орындар жәрмеңкесі жұмыссыздар өздеріне лайықты жұмыс таба алу үшін ұйымдастырылады, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді де. ПҚБ есепте тұрған екі сотталған жәрмеңкенің арқасында өздеріне жұмыс тапты. Қазіргі кезде олар Ақжар ауданының ауылдарының бірінде механизатор және жұмысшы болып жұмыс істейді.

– Біздің уақытта жұмыссыз еш тірлік жасай алмайтынымыз, тіпті нан түгіл еш нарсе ала алмайтынымыз бәрімізге мәлім. Жұмыстың оңайы жоқ, сондықтан не болсада тырысуымыз керек,- деп өз ойын сотталғандардың бірі жеткізді.

 

СҚО бойынша ҚАЖД Ақжар аудандық ПҚБ бастығы

Әділет майоры Хасенов Е.Г.

Комментарий