Жаңалықтар | Новости

Профилактикалық іс-шара

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Айыртау ауданының пробация қызмет есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталанатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін «Участок» деп аталатын республикалык профилактикалық іс-шара өткізілуде.

«Участок» атты іс-шара кезінде тексерулер кезеңінде сотталғандардың арасынан жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзған, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды алдын-алу әңгімелерімен және тәртіптік жазалармен анықтау үшін адамдарды жаппай жинау орындары қамтылады.

Есепте тұрған контингенті тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде сынақ мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелер шешіледі.

Сотталған адамдарға тұрғылықты жерінде болу кестесін бұза отырып, бас бостандығынан айыру орындарына жіберілгенге дейін тәртіптік жаза қолданылады.

 

СҚО бойынша Айыртау ауданының ПҚБ бастығы

әділет капитаны А.И.Хоружий

Комментарий