Жаңалықтар | Новости

Биометриялық сканер

СҚО М. Жұмабаев ауданының әкімдігі СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев ауданының пробация қызметі бөліміне сотталғандарды сәйкестендіру үшін биометриялық сканер бөлді.

Саусағын сканерге қоса отырып, сотталған адам пробация қызметіне келген уақытын тіркейді, осылайша сотталған адамды тіркеу жүзеге асырылады. Құрылғы пробация қызметіне бару уақытын қысқартады, карантин кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, ауруды болдырмайды. Қазіргі уақытта М.Жұмабаев ауданының пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз 54 сотталған тұр.

 

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев аудандық ПҚБ бастығы

әділет капитаны

Данияр Абишев

Комментарий