Тағдыр | Судьба

Қазақ әйелі бұрынғы күйеуін өлтіруге киллер жалдады

Қызылордада сұмдық жағдай орын алды. Полицейлер кісі өлтіруге тапсырыс беру қылмысын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 шілдеде шұғыл тергеу шарасы барысында бұрынғы күйеуін өлтірту үшін Түркістан облысының тұрғынын 20 мың долларға жалдаған 48 жастағы қызылордалық әйел ұсталды.

Орындаушы қылмысқа барудың орнына полицияға келген.

– Кісі өлтіруге тапсырыс берген әйел киллерді Шымкентке шығарып саларда 20 мың долларын күйеуінің мүлкін сатқаннан кейін төлеуге уәде еткен. Алдын-ала төлейтін ақшасын беру кезінде әйел ұсталып, қамауға алынды. Оған қарсы ҚР қылмыстық кодексінің 24 бабы, 3 б. бойынша (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекеттену) және 99 бабы, 2-бөлігінің 8-тармағы (кісі өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде, – деді полиция өкілдері.

Комментарий