Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды

25 қыркүйекте, бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПТР-сынамасы расталған (КВИ+) 30 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс (КВИ-) 5 науқас пневмониядан қайтыс болды.

«25.09.2021 жылы пневмонияның 32 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 111 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар — 75305, 4800 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 61702-ге жетті», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 27 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 63 845 адам коронавирус инфекциясынан (55 042 КВИ+ және 8 803 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 11 543 пациент стационарда,
  • 52 302 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 895 адамның жағдайы ауыр,
  • 222 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 142 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Комментарий